Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 388.96
EUR 432.21
RUB 6.09
CNY 54.99

Бокстан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасынан бір боксшы шығып қалды

2019 жылдың 17 қыркүйек 2019 19:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында қазақстандық бір боксшы жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін бокстан әлем чемпионатының күндізгі сессиясында үш боксшымыз жұдырықтасқан еді. Солардың арасынан 63 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан Зәкір Сафиуллин 1/8 айналымда 2017 жылғы әлем чемпионы және Панамерика ойындарының екі дүркін жеңімпазы, кубалық Энди Круз Гоместен ұтылып қалды. Төрешілер 5:0 есебімен жеңісті кубалық боксшыға берді.

әйтсе де, осы күні 52 келіге дейінгі салмақта Сәкен Бибосынов 1/8 финалда2016 жылғы Олимпиаданың күміс және 2017 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері колумбиялық Юберхен Мартинестен айласын асырды. Сонымен қатар, 91 келі салмақта сынға түсіп жатқан тағы бір қазақстандық боксшы Василий Левит те ширек финалға сүрінбей өтті. Ол украиналық қарсыласы Марат Григорянды айқын басымдықпен ұтты.

Енді, кешкі сессияда, Астана уақытымен 20:00-де қазақстандық төрт боксшы шаршы алаңға шығады.

Олар:

69 келі - Абылайхан Жүсіпов - Ник Сыра (Германия)

81 келі - Бекзат Нұрдәулетов - Keno Machado (Бразилия)

+91 келі - Қамшыбек Қоңқабаев - Аюб Кадфа (Испания)

57 келі - Қайрат Ералиев - Чатчай Бутди (Таиланд).

Айта кетейік, бокстан әлем чемпионатында әзірге Зәкір Сафиуллиннан басқасы жеңіліссіз келе жатыр.

Автор Қанат Мәметқазыұлы
Басты сөздер: Бокс, Спорт,
Жоғары қарай