Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Бокстан әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы «Канелоға» сес көрсетті

2019 жылдың 20 қаңтар 2019 09:37

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан әуесқойлар арасындағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 КО) профи-рингте үлкен жоспарлар құрып отыр, деп хабарлайды Sports.kz.

Ол Instagram-да өзінің фотосын жариялады, ал қатарында орта салмақтағы әлем чемпиондары - Сауль Альварес (51-1-2, 34 КО - WBA Super, WBC), Дэниэл Джейкобс (35-2, 29 КО - IBF) и Деметриус Андраденің (27-0, 17 КО - WBO) бейнелері тұр.

«Сәлем чемпиондар! Ұтылғыларың келмей ме? Жақсы. Таяуда мен келемін де әрқайсыларыңнан өз белбеуімді аламын. Әзірге мені тек Instagram-нан ғана көрудесіңдер. Жақында мені рингте өздеріңе қарсылас ретінде көресіңдер. Маған сеніңдер, бұл өмірлеріңдегі еш ұмытылмайтындай айқас болады», - деп жазды Әлімханұлы.

Автор Қанат Мәметқазыұлы
Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Жоғары қарай