Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстандық қыздар 4 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алды

2021 жылдың 30 мамыр 2021 21:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Дубайда бокстан Азия чемпионатының финалдық кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметтеріне қарағанда, бүгін қазақстандық боксшы қыздар Қазақстан қоржынына 4 алтын және бір күміс медаль салды.

Қазақстан құрамасынан алғаш болып шаршы алаңға шыққан Алуа Балқыбекова Қазақстан қоржынына бірінші және алғашқы алтын медальды салды. Алуа финалдық бәсекеде өзбекстандық Гүлсая Сұлтанәлиеваны жеңді.

Екінші «алтынды» Қазақстан құрамасына 51 келі салмақта сынға түскен Назым Қызайбай алып берді. Назым финалда әлемнің 6 дүркін чемпионы, үндістандық Мэри Комды 4:1 есебімен жеңді.

Үшінші «алтынды» 54 келіде сынға түскен боксшы ару Дина Жоламан алды. Ол финалдық кездесуде өзбекстандық Ситор Шогдарованы тізе бүктірді.

Ал финалда 60 келі салмақта өнер көрсеткен Владислава Кухта өзбекстандық Ситора Тұрдыбековаға 0:5 есебімен жол беріп, күміс медальды қанағат тұтуға мәжбүр болды.

64 келі салмақта бағын сынаған Римма Волосенко қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, Қазақстан қоржынына 4-ші алтын медальды салды.


Автор Айдар Оспаналиев
Басты сөздер: Спорт, Қоғам, Бокс,
Жоғары қарай