Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстандық төрт жасөспірім чемпион атанды

2021 жылдың 30 тамыз 2021 18:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дубайда өтіп жатқан бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігінде бүгін қзақстандық төрт спортшы алтын медаль алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, бүгін 2003-2004 жылдарда дүниеге келген жасөспірімдер мен қыздар сынға түсуде. Ұлдар 10 салмақта бақ сынаса, қыздар 7 салмақта шеберлік байқасуда.

Әзірге рингке шыққан екі боксшымыз да жеңіске жетті. 48 келіде Санжар Ташкенбай үндістандық Вишнават Сурешті жеңсе, 54 келіде Нурсултан Алтынбек ирандық Алиасг Афшариаболкарлуды қапы қалдырды. Ал 57 келіде Әбдікәрім Әбдіғалым ирактық Мохаммед Анварды, 60 келіде Ерасыл Ермек қырғызстандық Омар Ливасаны жеңді.

Еске салсақ, 29 тамызда 2005-2006 жылдарда дүниеге келген жасөспірімдер арасында чемпиондар анықталды. Медальдар саны жөнінен ұлдар мен қызда да жалпы командалық есепте екінші орын алды.



Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Бокс, Қоғам,
Жоғары қарай