Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау жалғасып жатыр

2021 жылдың 28 қыркүйек 2021 15:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлер үшін конкурсқа қатысуға құжат қабылдау мерзімі аяқталғанша 30 күн қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құжат қабылдау 4 мамырдан 28 қазанға дейін еGov электронды үкіметінің порталы арқылы жүргізіліп жатыр.

2021 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алуға 1055 стипендия бөлінген.

Соның 445-і магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша үлестірілді.

110 грант денсаулық сақтау, мәдениет, спорт салалары, педагогтар, мемлекеттік қызметкерлер, инженер-техник мамандықтарына бөлінді.

«Ғалымдар» тағылымдамасы санаты бойынша 500 стипендия бөлінді.

Олар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес қазақстандық ғалымдардың әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтуін қамтамасыз ету үшін бекітілді.

«Осы жылы стипендия академиялық білім алу үшін 80 мамандық және тағылымдамадан өту үшін – 137 мамандық бойынша тағайындалады. Тізімге «Инклюзивті білім беру», «Вирусология», «Урбанистика», «Жаңа материалдар технологиясы» сияқты маңызды мамандықтар енгізілген», - деп атап өтті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Қарбозова.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алуға кеңес етілген оқу мекемелерінің тізімінде 27 елдің 207 шетелдік жоғары оқу орны бар.


Басты сөздер: Болашақ, Білім, ЖОО-лар,
Жоғары қарай