Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

«Болашақ» стипендиясына үміткер іріктеу ережесіне қандай өзгерістер енгізілді

2020 жылдың 22 мамыр 2020 14:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Болашақ» стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеудің жаңа қағидалары қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР БҒМ Telegram парақшасына сілтеме жасап.

1. Басым мамандықтар тізбесі еңбек нарығындағы қажеттіліктер болжамын ескере отырып қалыптастырылады

2.Үміткер алдымен шетелдік жоғары оқу орнына түсуге және одан шақыру алуға тиіс
3.Болашақтықтар халықаралық рейтингтер үздігіндегі шетелдік ЖОО-ға ғана жіберіледі
4.Тағылымдамадан өту үшін ғылыми орталықтар мен зертханаларға баруға болады, ғалымдар үшін стипендиялардың жекелеген саны қарастырылған
5.GPA талабы тоқтатылады
6.Үміткер 6 турдың орнына 3 турдан (кешенді тестілеу, ТСК және Республикалық комиссия) өтеді
7. Шет тілі білімінен тест тапсырудың қажеті жоқ. Мемлекеттік тілді меңгергендігін Қазтест сертификаты растайды
8.Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерінің саны 3-тен 5-ке дейін артады, үміткерлермен әңгімелесу автоматтандырылған жүйе арқылы жүргізіледі
9. Ауылдық елді мекеннен шыққан үміткерлер үшін Қазақстанда алдын ала тілдік дайындық өткізіледі
10. Барлық квоталық санаттар жойылды.

Еске сала кетсек, ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 6 мамырдағы №271 қаулысымен «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын анықтау ережесіне өзгерістер енгізілді.


Жоғары қарай