Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Болат Сәмбетов: Биржа арқылы сатылған 500 мың тонна көмірдің бағасы биыл қымбаттамайды

2021 жылдың 28 қыркүйек 2021 19:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде көмір бағасының құбылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы көмірдің 10 пайызы биржа арқылы сатылуы керек. Биржа комитетінің жазылған ережесі бар. Ол бойынша аталған Бұл биржаға тек теміржол тұйықтары бар пайыз көмірдің биржасына компаниялар теміржол тұйығы бар компаниялар ғана қатыса алады. Яғни, теміржол тұйығы барлар тікелей халыққа көмір сата алады. Осы істі бақылау үшін әкімдіктерді тарттық. Әкімдіктер өздеріндегі жұмыс істеп тұрған теміржол тұйықтарының тізімін берді. Осы арқылы алып сатқыш делдалдардың әсерін азайту көзделген», - деген агенттік өкілі жылдың ортасында осы биржадағы сауда іске қосылғанын еске салды.

«Республика бойынша 200 теміржол тұйығы қатысып, аккредиттелді. Биыл жоспарланған 500 мың тонаның 200 мыңы сатылды. Біздің мамандар осы саудаға қатысқа әрбір теміржол тұйығына барып, баға туралы жоспарларын біліп қайтты. Оның иелері тікелей өндірушіден алса, әлдеқайда арзан екеніне көз жеткізіп отыр. Биыл осы 10 пайыз көмір бойынша қымбатшылық болмайды деген болжам бар. Жыл аяғында келесі жылдың биржадағы саудасы басталады. Бұл тағы 500 мың тонна деген сөз. Бұл елге қажетті көмірдің 10 пайызы ғана. Қалған 90 пайыз көмір көмір айырықтарының қалауы бойынша сатылып жатыр, Немесе өзара биржа арқылы немесе келісімшарт бойынша сатылады», - дейді Болат Сәмбетов.

Оның сөзіне қарағанда, биржа арқылы сатылған көмірдің өңірлерге бұрмалаусыз бағытталуын Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қадағаламақ.

«Теміржол тұйығы деп отырғанымыз, жалпақ тілмен айтқанда, қойма деуге болады. Қазір өалықтың сол қоймалардан көмірді тікелей сатып алуына болады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі биржа арқылы сатылған көмірдің өңірлерге бағытталуын қадағалайды. Әкімдіктермен жұмыс істеп жатырмыз. Оларға жергілікті орындарда бағаның бассыз өсуіне жол бермеу керектігі айтылған. Теміржол тұйығына келген көмірді оның иесі халыққа ақылға қонымды бағамен сату керек. Бұл жерде бағаға қосылатын үстеме өрескел болмауға тиіс. Біздің жергілікті департамент өкілдері әр өңірдегі теміржол тұйықтарында болып қайтты. Биржа арқылы сатылған пайыз көмірдің қымбаттауын күтіп отырған жоқпыз», - деді агенттік төрағасының орынбасары.


Жоғары қарай