Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 376.16
EUR 406.18
RUB 5.90
CNY 53.60

Боранға байланысты жабылған ең ұзын жол 800 шақырымнан асады

2020 жылдың 18 қаңтар 2020 20:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Боранға байланысты еліміздің бірқатар өңірінде жол жабық. «ҚазАвтоЖол» АҚ көлік қозғалысына шектеу қойылған ең ұзын жолды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Соңғы ақпарат бойынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздегі автожолдардың 10 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылған.

«Кеше жалпы ұзындығы 4714 шақырым болатын 37 учаскеде және Павлодар облысы бойынша барлық бағыттарда автожолдар жабық болған. 17 қаңтар күні жабылған ең ұзын тасжол - «Алматы-Екатеринбург» (830 шақырым) болса, бүгінде - «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» жолы (494 шақырым). Барлық жүргізушілерді жол ережелерін сақтап, арнайы колонна қатарынан шықпауын сұраймыз» делінген хабарламада.

Қазіргі сәтте республика жолдарында 818 техника қарқынды жұмыс істеп жатыр.


Автор Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Оқиға, Ауа райы, Көлік,
Жоғары қарай