Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 386.77
EUR 427.26
RUB 6.00
CNY 54.56

Борис Джонсон Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі атанды

2019 жылдың 23 шілде 2019 20:26

НҰР-СҰЛТАН – ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Борис Джонсон Ұлыбританияның премьер-министрі атанды. Ол Ұлыбританияның Консервативтік партия жетекшісін сайлауда жеңіске жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА The Guardian-ға сілтеме жасап.

Лондонның бұрынғы мэрі негізгі қарсыласы Джереми Ханттан оза түсіп, Консервативтік партияның қатардағы мүшелерінің 92 153 дауысын жинаған. Джереми Хантқа партияның 46 656 мүшесі дауыс берген. Сайлауға партияның 159 320 мүшесінің 87,4% қатысқан.

Борис Джонсон сәрсенбіге дейін жұмысына ресми түрде кірісе алмайды. Тереза Мэй королеваға отставка жөнінде өтініш білдірмес бұрын премьер-министр ретінде Қауымдар палатасында соңғы рет сауалдарға жауап беретін болады.

Кейін Борис Джонсон лауазымын растау үшін Букингем сарайына, артынан 10 нөміріндегі танымал қара есіктің алдында сөз сөйлеуге Даунинг-стритке аттанады.

Борис Джонсон әзірге қызметіне кіріскен жоқ, алайда сайлауға қатысуының өзі британиялық биліктің негізгі мүшелерінің арасында қарсылық туғызды. Олар Лондонның бұрынғы мэрімен жұмыс істегеннен гөрі жұмыстан кетуге ниетті екендерін мәлім етті.

The Guardian ақпаратына сәйкес, олар Борис Джонсонның Ұлыбриятанияны Еуропалық Одақтан шығару мерзімін тағы біршама уақытқа ұзартпай, 31 қазанға белгілегеніне алаңдаулы.

Татьяна Кудренок


Басты сөздер: Еуропа, Әлем,
Жоғары қарай