Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ботсванада 350-ден астам піл белгісіз жағдайда қырылып қалды

2020 жылдың 3 шілде 2020 11:33

БОТСВАНА. EURONEWS – ҚазАқпарат – Алғашқы оқиғалар мамырдың басында Окаванго өзенінің сағасында тіркелді. Айдың соңында 170 жануардың мерт болғаны анықталып, маусым ортасында бұл сан екі есеге артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews жаңалықтарына сілтеме жасап.

«Пілдердің осылай жаппай қырылуы көптен бері болмаған», - деп мәлімдеді «Ұлттық паркті құтқару» британдық қайырымдылық ұйымының табиғатты қорғау директоры Найл Макканн.

Оның айтуынша, бұл оқиға адамдардың өмірі мен денсаулығына да қауіп төндіруі мүмкін.

Ғалым Ботсвана африкалық пілдердің үштен бірінің үйі екенін, олардың 10%-ы осы жерді мекендейтінін, сол себепті бұл жайт әлемдік популяцияға қатты әсер етуі мүмкін екенін атап өтті.

Британдық БАҚ хабарлауынша, пілдердің жартысының денесі су айдындарының маңынан табылған.

Куәгерлердің айтуынша, тірі жануарлардың да әрекеті біртүрлі: олар айналып жүреді, бағытын өзгертуге шамасы жоқ және әлсіз көрінеді.

Жаппай қырылу себептері әзірге белгісіз. Уланып қалуы немесе қандай да бір індет тарауы мүмкін деген нұсқалар қарастырылып жатыр.


Басты сөздер: Әлем, Экология,
Жоғары қарай