Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Браконьерлер мемлекетке 21 млн теңге шығын әкелді

2021 жылдың 29 қараша 2021 12:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Браконьерлік жасаған 3 мыңнан астам адам ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында заңсыз дайындалған 227 текше метр ағаш, 9,8 тонна балық, оның ішінде 1,5 тонна бекіре, 17 киік мүйізі, 462 құқық бұзушылық жасалған қару, оның ішінде 142 бірлік аңшы мылтығы тәркіленді. Аталған фактілер бойынша экологиялық заңды бұзуға қатысты 120 сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді ресми өкіл ІІМ баспасөз алаңында өткен брифингте.

Оның атап өтуінше, әкімшілік жауапкершілікке 3 мыңнан астам құқық бұзушы тартылған.

«Заң бұзу фактілері бойынша мемлекетке келген шығын сомасы 21 млн теңгеден асып түседі. Мәселен, Ақтөбе облысында Қызыл кітапқа кіретін қарағашты заңсыз кескен азамат ұсталды. Батыс Қазақстан облысында шаруа қожалығының жұмысшысы киік өлтірген», - деді Нұрділдә Ораз.


Жоғары қарай