Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Браконьерлер өлтірген инспектордың отбасына барлық көмек көрсетіледі – министрлік

2019 жылдың 23 шілде 2019 16:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев браконьерлер қолынан мерт болған инспектордың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін браконьерлерді ұстау кезінде Охотзоопром инспекторы Қаныш Нұртазинов қаза тауып, Оспанов Самат ауруханаға түсті. Қызметтік міндетін орындау кезінде көз жұмған марқұмның отбасына қайғырып, көңіл айтамын. Олардың отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі», - деп жазды министр өзінің Твиттер-дердегі парақшасында.

Айта кетейік, инспекторлар Ақмола облысы Жарқайың ауданында табиғатты қорғау заңнамасын бұзғандардың алдын алу шарасын жүргізген және киік ату фактісін анықтаған. Заң бұзушылардың ізіне түскенде 10 өңірге – Қостанай облысына тиесілі ақ түсті «Нива» маркалы автокөліктен (мемлекеттік нөмірі белгісіз) оқ атылып, екі инспектор жарақат алған. Салдарынан Қаныш Нұртазинов Державинск ауруханасында көз жұмды.

Қазіргі уақытта марқұмның денесін туған ауылына жеткізу мәселелері талқыланып жатыр.

Министрліктің хабарлауынша, жарақат алған екінші инспектор Самат Оспановқа Державинск аудандық ауруханасында ота жасалуда.

Ақмола облысы Жарқайың ауданының полиция бөлімі күдіктілерді іздеп жатыр.

Жоғары қарай