Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бразилияда футболшылар мінген ұшақ апатқа ұшырап, 6 адам мерт болды

2021 жылдың 24 қаңтар 2021 22:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бразилияның Порту-Насиунал қаласының маңында «Пальмас» бразилиялық төртінші дивизионның футболшылары мінген ұшақ апатқа ұшырап, 6 адам мерт болды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА осы елдің бас телеарнасы — Globo-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Апат орнында түсірілген видеоны Twitter әлеуметтік желісінің қолданушылары жүктеген. Онда ұшақтық екіге бөлініп, кейін өртенгенін көруге болады.

Ұшақ бортында «Пальмас» бразилиялық төртінші дивизионының 4 футболшысы, сондай-ақ клуб президенті Лукас Мейра және ұшқыш болған.

Ұшақ ұшу-қону жолағына жақын маңға әуеге көтеріле бере құлаған.

Қайтыс болғандар: қақпашы Рануле (27 жас); қорғаушылар — Лукас Пракседес (28 жас), Гильерме Ноэ (28 лет); жартылай қорғаушы Маркус Молинари (23 жас), клуб президенті Лукас Мейра (32 жас).


Перевод Ербол Жанат
Басты сөздер: Спорт, Оқиға, Америка,
Жоғары қарай