Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Brent маркалы мұнайдың бағасы 33 доллардан асты

2020 жылдың 18 мамыр 2020 07:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 2020 жылғы шілде айындағы жеткізілімдер бойынша 3,01 пайызға өсіп, барреліне 33,84 доллар болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Соңғы рет Brent мұнайының бағасы 13 сәуірде 33 доллардан жоғары болды.

WTI маркалы мұнайдың шілде айындағы жеткізілімі бойынша баррелінің бағасы 2,91 пайызға өсіп 30,38 доллар болды.


Басты сөздер: Мұнай, Әлем, Қор рыногы,
Жоғары қарай