Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Brent мұнайының бағасы 43 доллардан асты

2020 жылдың 8 маусым 2020 07:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлемдік биржада Brent маркалы мұнайдың бағасы 6 наурыздан бері бірінші рет 43 доллардан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биылғы тамыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы Лондонның ICE биржасында1,7% өсіп, баррелі 43,02 долларға жетті. Сауда алаңының соңғы мәліметтерінде осылай делінген.

Мұнайдың бұл түрінің құны соңғы рет 6 наурызда 43 доллардан жоғары болған еді. Одан кейін күрт құлдырап кетті.

Ал WTI маркалы мұнайдың баррелі 40,22 доллар деңгейінде тұр. Бұл - өткен сауда кезіндегі бағадан 1,7 пайыз жоғары.

ОПЕК+ министрлері 6 маусымдағы кеңесте тағы бір ай бойы, яғни шілденің соңына дейін мұнай өндіруді азайту жөнінде келіскен болатын. Бұл - мұнай өндірісі тарихындағы ең ауқымды төмендету болып отыр.


Автор Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Экономика, Мұнай,
Жоғары қарай