Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Брест ТМД мәдени астанасы эстафетасын Шымкентке береді

2019 жылдың 28 қараша 2019 10:55

БРЕСТ. ҚазАқпарат - БЕЛТА – Брест 9 желтоқсанда ТМД мәдени астанасы эстафетасын Шымкентке табыс етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА-ға сілтеме жасап.

ТМД Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының (МГЫҚ) мәліметінше, Брест Достастықтың мәдени астанасы ретіндегі құрметті мәртебесін аяқтамақ. Осы жылдар ішінде аталған қалада ТМД-ның түрлі елдерінен келген шығармашылық ұжымның қатысуымен жүздеген музыкалық, білім беру және театрлық бағдарламалар жүзеге асырылды. 9 желтоқсанда Беларусьте Ленин комсомолы атындағы Брест академиялық драма театрында өтетін салтанатты шара осы жылдың қорытынды аккорды болмақ. Бұл жерде Брестің эстафетасын Шымкент қабылдап алады. Қазақстанның осы қаласы 2020 жылы Достастықтың мәдени астанасы болады.

Мерекелік концертке ТМД елдерінің үздік өнерпаздары қатысады. Ал «Достастық дебюттері» премиясының лауреаттары қонақ ретінде шақырылды. Сондай-ақ, ТМД-да Мәдениет жылы деп жарияланғандықтан, 2018 жылдың қорытындысы бойынша ТМД Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының жастар сыйлығы табыс етілмек. Лауреаттар арасында Беларусь өнер академиясының графика кафедрасының оқытушысы Федор Шурмелев, «Астана операның» балет солисі Айгерім Бекетаева, Новосібір опера және балет театрының балеринасы Ольга Гришенкова, Қырғыз опера және балет театрының солисі Нұржігіт Асанов, тәжік эстрадасының әншісі Мехринигори Рустам, Әзербайжан операсының солисі Афаг Аббасова-Будагова бар.

Брестке «ТМД мәдени астанасы-2019» жабылу салтанатына ТМД Атқарушы комитеті төрағасының орынбасары Виктор Гуминский, ТМД-ға мүше елдердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының басқарма төрағасы, Әзербайжанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Полад Бюльбюль-оғлы, МГЫҚ тең төрағасы, Ресей Президентінің Халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкой, МГЫҚ атқарушы директоры Анатолий Иксанов, ТМД гуманитарлық ынтымақтастық қоры мен кеңесінің басқарма мүшелері қатысады.

Қонақтар «Брест қорғаны» мемориалдық кешеніне барып, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қояды.

Басты сөздер: ТМД, Мәдениет, Беларусь,
Жоғары қарай