Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Британдық бокс шолушысы Тұрсынбай Құлахметке жоғары баға берді

2020 жылдың 14 қараша 2020 11:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Британдық бокс шолушысы әрі BoxRec.com порталының редакторы Хэйдн Уильямс қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахметтің (2-0, 1 КО) соңғы жекпе-жегіне пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Боксшылар 11 қарашада Саут Киркбидегі (Англия) MTK Fight Night бокс кешінің негізгі оқиғасы ретінде айқасты. Төрешілердің бірауызды шешімімен Тұрсынбай Құлахмет бірінші орта салмақтағы WBC International титулының иегері атанды.

«Тұрсынбай Құлахмет Маколей Макгоуэнмен сәрсенбі күні MTK Global шоуында он раунд бойы айқасып, ұпай саны бойынша жеңіске жетті. Менің есептеуім бойынша Құлахмет 99-89 ұпайымен алда болды. Бұл оның екінші жекпе-жегі ғана. Әлемдік бокстағы ең әсерлі өзіндік жол. Сол қолымен ерекше жұмыс істейді және жеңіл қозғалады», - деп жазды Уильямс твиттерде.

Еске салсақ, Тұрсынбай Құлахмет WBC International титулы үшін айқасқан еді.

Тұрсынбай Құлахмет кәсіби рингтегі дебютін 23 тамызда өткізген. Ол қазақстандық Сағадат Рахманқұловпен (6-2, 4 КО) айқасып, оны төртінші раундта уақытынан бұрын жеңген болатын.


Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Жоғары қарай