Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Бүгін Алматы облысында 8 айлық сәбиден коронавирус анықталды

2020 жылдың 25 сәуір 2020 18:10

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысында коронавирусты тағы 13 адамның жұқтырғаны белгілі болды. Олардың 9-ы - Іле ауданының, 3-еуі – Қапшағай қаласының тұрғындары болса, 1-еуі Украина азаматы, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың ең кішісі - 8 айлық сәби, ең үлкені - 1952 жылы туған азамат. Олармен 39 адамның қарым-қатынаста болғаны анықталды. Байланыста болғандардың барлығы дәрігерлердің бақылауына алынды, вирусологиялық зерттеу жүргізілуде.

Айта кетейік, Алматы облысында індет жұқтырғандар саны 86-ға жетті.


Жоғары қарай