Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Бүгін — дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күні

2022 жылдың 17 мамыр 2022 12:00

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының кардиолог дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Гүлнар Үдербаева гипертонияның алдын алу және емдеу туралы атты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Артериялық гипертония – жүрек-қантамыр жүйесінің ең кең таралған ауруы. Оның негізгі белгісі - артериялық қан қысымының жоғары болуы.

Дәрігері Гүлнар Үдербаеваның айтуынша, артериялық қан қысымының жоғары болуы өлім мен мүгедектікке алып келетін инфаркт пен инсульттің даму қаупінің жетекші факторы.

«Артериялық гипертония кезінде артериялық қан қысымының көтерілуіне сезімтал ағзалар зақымданады, бұл ми қанайналымының өзгеруі. Жоғары артериялық қан қысымының тұрақты белгілері: жүректің сол жақ қарыншасының гипертрофиясы, жүректің ишемиялық ауруы, жүрек жеткіліксіздігі, ырғақтың түрлі бұзылыстары, атеросклероз, бүйрек пен көздің зақымдануы. Артериялық гипертония қаупінің факторларына тұқым қуалаушылық, артық салмақ, алкоголь мен тағамда тұздың көп мөлшерін тұтыну жатады»,- дейді спикер.

Сонымен қатар, ол емдеу жолдарын да айтып берді.

«Артериялық гипертониясы бар науқастарды емдеу кезінде жүрек-қантамыр асқынуларының даму қаупі мен олардан болатын өлім-жітімді азайту қажет. Бұл өмір бойы ұзақ емделу арқылы іске асырылады. Дәрі-дәрмекпен емдеу ми, жүрек, бүйректі қорғау үшін де бағытталған», - дейді Гүлнар Үдербаева.

Дәрігердің келтірген дерегіне сәйкес, бүгінгі күні елде артериялық гипертензиямен диспансерлік есепте 1 530 335 пациент тұр.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Медицина,
Жоғары қарай