Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бүгін Қарағанды облысының екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

2020 жылдың 15 қыркүйек 2020 06:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 15 қыркүйекте Қазақстан қалаларындағы метеорологиялық ахуал туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Ақпаратқа сәйкес, сейсенбі күні Қарағанды облысының Теміртау және Балқаш қалаларында атмосфералық ауаның ластануы күтіледі.

Еліміздің қалған шаһарларында метеожағдай норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Басты сөздер: Қазгидромет, Қоғам,
Жоғары қарай