Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ дөңгелек үстелінде бейнеүндеу жасайды

2021 жылдың 25 мамыр 2021 16:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 25 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өндіруші салалардағы мәселелер жөніндегі жаһандық дөңгелек үстел отырысында бейнеүндеу жасайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша шамамен сағат 20:00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өндіруші салалардағы мәселелер жөніндегі жаһандық дөңгелек үстел отырысында бейнеүндеу жасайды.

«Мемлекеттер мен үкіметтер басшылары деңгейіндегі бұл виртуалды форум БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің бастамасымен өтеді» деп мәлім етті Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында.

Жиынның тікелей көрсетілімін БҰҰ-ның веб-сайтынан көруге болады.


Жоғары қарай