Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 377.19
EUR 408.99
RUB 5.93
CNY 54.02

Бүгін Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болады

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 07:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –24 қаңтар күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, жұма күні тек Талдықорған қаласында ауа сапасының нашарлауы болжанады.

Өзге шаһарларда атмосфералық ауаның бұзылуы күтілмейді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы ықтимал.


Автор Мира Төлендіқызы
Басты сөздер: Қоғам, Қазгидромет,
Жоғары қарай