Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Бүгін Қазақстанның 8 қаласында жайсыз метеожағдай қалыптасады

2022 жылдың 21 қаңтар 2022 05:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанның 8 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАпарат.

«2022 жылғы 21 қаңтарда Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Жезқазған, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл және Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай