Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бүгін - Құтқарушылар күні

2020 жылдың 19 қазан 2020 07:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құтқарушылар күні Қазақстанда жыл сайын 19 қазанда атап өтіледі. Бұл атаулы күннің бекітілуі елімізде Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық мемлекеттік комитеттің құрылуымен байланысты.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаев 1995 жылғы 19 қазанда төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орталық атқарушы органды құру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл төтенше жағдайларды алдын алу және оларды жоюдың тиімді жүйесін құру ісіндегі шешуші сәт болды.

Міне, 25 жылдан бері еліміздің құтқарушылары мен өрт сөндірушілері халықтың қауіпсіздігін сақтауға күш салып келеді. Олар кез-келген сәтте көмек келуге дайын. Осы жылдар ішінде Қазақстанда төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша тиімді жүйе құрылды. Тәжірибе жинақталды және техникалық жағынан ойдағыдай жабдықталды. Бүгінде азаматтық қорғаныс саласында еліміз бойынша көптеген адамдар еңбек етуде.

Құтқарушы - бұл өмір сүру салты. Бұл қашанда ерлік жасауға, өзін құрбан етуге дайын болу. Құтқарушы мамандығын тек батыл адамдар ғана таңдайды.

Еске сала кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елімізде бұрынғы комитет негізінде Төтенше жағдайлар министрлігі құрылған болатын.
Жоғары қарай