Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Бүгін Қызылордада ауа температурасы 47 градусқа көтерілді

2020 жылдың 3 маусым 2020 20:29

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылордада ауа райы 47 градусқа дейін көтерілді. Бұл - соңғы жылдарда тіркелген ең жоғары температура, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде облыстық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға хабарлаған болатын. Мамандар көпшілікті аптап ыстықтан қорғануға шақырды.

Қызылорда облыстық жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Ғалия Нұрсейітова аптап ыстықта өңірде шақырту деңгейі бұрынғысынша қалыпты болғанын айтады.

«Облыста аптап ауа райы тіркелген 31 мамыр-2 маусым аралығында 3 мыңнан астам шақырту түскен. Бұл - жай күндердегі шақыртумен қатарлас. Оның арасында қан қысымы ауруымен 544 адам дәрігерлер көмегіне жүгінген. Бұл да алаңдатарлық деңгейде емес. Десе де біз тұрғындардан барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз», - деді ол.

Күннің аптап ыстық болуына қарамастан соңғы күндерде суға кету оқиғасы тіркелмеді. Сондай-ақ, өрт оқиғасы да кездескен жоқ. Бұл жөнінде Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі хабарлады.


Жоғары қарай