Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бүгін Нұр-Сұлтанда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

2020 жылдың 24 қазан 2020 09:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елордалық терроризмге қарсы күрес жедел штабы осы жылдың 24 қазанында сағат 08.00-ден 13.00-ге дейін «Астана Су Арнасы» МКК станциясының аумағында (Жансүгірұлы көшесі,7) «Нұр-Сұлтан - Антитеррор-2020» терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығуын өткізуді жоспарлап отыр», - деді қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтан.

Мәлім етілгендей, оқу-жаттығу шынайы жағдайға барынша жақындатылған түрде өтеді. Сондай-ақ түрлі күрделі элементтер қолданылады.

«І.Жансүгірұлы көшесінен Ш.Құдайбердіұлы көшесіне дейінгі сорғы-сүзу станциясы ауданында автокөлік қозғалысы бойынша шектеу шаралары қарастырылған.
Осыған байланысты, азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығуға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз», - делінген штаб ақпаратында.
Оқу-жаттығу мақсаты – тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектісінде терроризммен күрес бойынша практикалық дағдыларды пысықтау.

Жоғары қарай