Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Бүгін Президенттің қатысуымен Ұлттық кеңестің отырысы өтеді

2020 жылдың 27 мамыр 2020 07:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің онлайн форматтағы 3-отырысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің онлайн форматтағы 3-отырысы 27 мамыр күні сағат 11:00-де өтеді. Оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады.

Ұлттық кеңестің отырысы адами капиталды дамытуға, атап айтқанда, білім беру, денсаулық сақтау мәселелеріне арналады.

Жиын Президент баспасөз қызметінің Фейсбуктегі AkordaPress парақшасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.



Жоғары қарай