Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бурабай ауданында саятшылық өнері насихатталды

2020 жылдың 8 қараша 2020 14:05

БУРАБАЙ АУДАНЫ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бурабай ауданында қазақтың саятшылық өнері дәріптелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осыдан 2 жыл бұрын Ақмола облысында «Салбұрын« аңшылық орталығы құрылды. Мақсат - атадан қалған дәстүрді келешек ұрпаққа жеткізу. Саятшылық өнерді жоғалтпай, керісінше дәріптеу. Бұл дегеніміз тек аң аулау ғана деген сөз емес. Оның өзіндік пайдасы жетерлік. Айтар болсақ, атқа міну адам денсаулығына пайдалы, ит ұстау адамды ширақтылыққа үйретеді және тағы басқа. Бүгінде біздің орталыққа қарасты 200 мың га жер бар, онда аңның барлық түрі кездеседі. Сондай-ақ, аңшылыққа қажетінің бәрі бар. Яғни өзіміздің аңшымыз, атымыз, тазымыз және басқа да аңшыға қажетті бұйымдар», - деді «Салбұрын» ұлттық аңшылық орталығының директоры, аталған шараны ұйымдастырушы Қанат Ахметов.

Көпшілік алдында аңшылық өнерді насихаттау үшін 2 итбегі, 1 бүркітші және қағушы аңға шығып бақ сынады.








«Елімізде саятшылық өнерді ұлықтайтын 2 орталық бар. Бірі осы Ақмола облысында, екіншісі Алматы облысында. Біз қазіргі уақытта аңшылық өнерді кеңінен насихаттау үшін оны көпшілікке демалыс түрі ретінде ұсынудамыз. Яғни аңшылықты туристік қызмет түрі деуге болады. Одан бөлек, аң аулаймын, атқа мінемін, тазы ұстаймын деуші қызығушылар болса, біз оларға үйретеміз. Сол сияқты аңшылық өнерден басқа да ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеп көрсетеміз», - дейді «Қансонар» республикалық қауымдастығының басқарма төрағасы Оралбай Әбдікәрімов.

Айта кетейік, Бурабайдағы саятшылық өнерді насихаттау мақсатында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті.









Автор Әли Ибраев
Басты сөздер: Бурабай,
Жоғары қарай