Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бурабайда 135 метр биіктікте шолу алаңы ашылды

2020 жылдың 24 қазан 2020 20:08

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысындағы Бурабай курортында 135 метр биіктікте шолу алаңы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Бақылау алаңында 135 метр биіктіктен ұлттық саябақ, Көкшетау тау жотасы, «Үш әпке» жартасы тәрізді курортты аймақтың сұлу көрінісін тамашалуға болады.

«Бурабай Даму» ЖШС мәліметінше, нысан металл және темірбетон конструкциясынан құрастырылып жасалған, мұнда қауіпсіздік шаралары қарастырылған.

«Щучье-Бурабай» курортты аймағы теңдесіз табиғи-мәдени мұрасымен танымал. Мұнда туризмді дамыту барлық мүмкіндік бар. Алдағы уақытта аталмыш нысан әдемі суреттерге түсетін орынға айналатыны сөзсіз. Байқау алаңына шығу үшін 30 минуттан астам уақыт кетеді», - деді облыстық Туризм басқармасы басшысының орынбасары Алмаз Сағдиев.

Айта кетсек, жыл сайын курортты аймаққа еліміздің әр өңірі мен таяу шет елдерден жүздеген турис келеді. Бурабай шипажайларында тыныс алу, асқазан-ішек, жүрек-қан тамырлары жүйесі, сондай-ақ, трек- қимыл апаратынан емделеді. Сонымен берге, Бурабай емдік лай-балшығы, минералды сулары және саф ауасы, қарағайлы орманымен танымал.



Жоғары қарай