Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бурабайда 4 әйелдің өлі денесі табылды: Күдікті полицияға өзі хабарласқан

2020 жылдың 5 желтоқсан 2020 10:17

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бурабай кентінде 4 әйелді зорлықпен өлтірді деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 желтоқсан, түнгі сағат 00:00-де Бурабай аудандық ПБ кезекшілік бөліміне жергілікті тұрғын қоңырау шалып, Бурабай кентіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде өзі адам өлтіргенін айтқан.

«Хабарланған мекенжайға жеткен жедел-тергеу тобы зорлықпен өлтірілген 4 әйелдің денесін тапты. Тәртіп сақшылары Бурабай кентінің бұрын ұрлық үшін бірнеше рет сотты болған 28 жастағы тұрғынын ұстады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалып, Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша тергеп-тексеру амалдары басталды», - деді ведомстводан.


Жоғары қарай