Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бурабайда ағаштарға маска байлап кеткендерді желі қолданушылары сынға алды

2021 жылдың 23 сәуір 2021 18:52

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Бурабай» ұлттық табиғи паркіндегі ағаштарға медициналық маска байлап кеткен қазақстандықтардың әрекеті желі қолданушылары арасында қызу талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Инстаграмдағы v_astane_official парақшасында жарияланды. Онда желі қолданушылар қазақстандық туристердің ерсі қылығын қатаң сынға алып, айыппұл салу қажеттігін айтуда.

«Маскалар полимерден жасалған, ыдырау кезеңі астрономиялық.... 100 жылдан кейін де олар сол қалпында тұрады. Дәстүр бойынша ағаштар мен қоршаған ортаға зиян тигізбеу үшін таспалар мақтадан тоқылған. Қоғам не болып барады? Мұндай нәрселер үшін қатаң айыппұл салу керек!», - дейді желі қолданушы.

Бұл ретте, «Бурабай» мемлекеттік табиғи ұлттық паркінің дирекциясы «Бурабай» ұлттық паркінің аумағында орман қорына залал келтіру фактісі бойынша Бурабайда рейдтік іс-шаралар өткізілгенін хабарлады. Рейд барысында ағаштарға байланған ленталар мен маскаларды алып тастау бойынша жұмыстар жүргізілген.

Сонымен бірге, мекеме басшылығы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ластаған тұлғалар жазаға тартылатынын ескертеді.


Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Экология, Бурабай,
Жоғары қарай