Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Бурабайда «Altyn fest Burabay» күзгі фестивалі өтті

2019 жылдың 3 қараша 2019 01:21

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бурабай курортында «Four Seasons» имидждік жобасы аясында «Altyn fest Burabay» фестивалі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау және өзге де өңірлерден туристік сала өкілдері, бау-бақша өсірушілер және қолөнершілер қатысты. Олар жаңа піскен көкөніс, жеміс, жидек, бал, жаңғақ, саңырауқұлақ жəне балықтан үй жағдайында жасалынған түрлі өнімдер мен консервілерді, табиғи шөптерден əзірленген дәрілік шырындар мен қоспаларды ұсынды.




Сонымен қатар, өнімді қалай өсіріп, жинау керектігі, консервілер әзірлеп, декоративті жəне өнімділігі жоғары дақылдарды өсіруде және қолөнер бұйымдарын жасауда қазіргі заманғы озық технологияларды қалай қолдану қажеттігі жөнінде шеберлік сабақтар өтті. Қатысушылар өзара тәжірибе және пікір алмасты.

Байқау жеңімпаздары бірнеше аталым бойынша анықталып, үздіктер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.













Жоғары қарай