Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бурабайда күшті желден көлдің ортасына қарай ығып кеткен 19 турист құтқарылды

2021 жылдың 5 шілде 2021 22:45

БУРАБАЙ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бурабай көлінде бір күнде 19 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгін, 5 шілде кешкі 20.00 кезінде Бурабай көліндегі патрульдеу кезінде құтқарушылар 19 адамды жағаға шығарды. Оның ішінде жетеуі - балалар.

Туристер жел күшейген кезде көл үстінде қайықта және катамаранда отырған. Олар өз бетінше жағалауға жете алмаған.

«Ақмола облысы ТЖД қызметкерлерінің жедел іс-әрекетінің арқасында ешкім зардап шеккен жоқ» деп мәлім етті ведомствоның баспасөз қызметі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі су үстінде қауіпсіздік талаптарын сақтау керектігін тағы да еске салады.

«Су айдынында барынша сақ әрі мұқият болыңыздар» деп ескертеді ведомство.












Жоғары қарай