Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бурабайда рекреациялық кластер құрылады

2021 жылдың 12 ақпан 2021 13:07

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - 2021 жылы Бурабай кентінде рекреациялық кластерді іске асыру жоспарлануда. Бүгінгі таңда жобалық тұжырымдама әзірленді.

Бұл туралы есеп беру кездесуінде Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«BI-Group» компаниясымен бірлесіп Бурабай кентінің рекреациялық кластерінің: отель-спа, бюджеттік отель, аквапарктың жобалық тұжырымдамасы әзірленді. Мұндағы инвестицияның жалпы сомасы 65 миллиард теңгені құрайды, оның 10 миллиардтан астамы биылғы жылға қарастырылған. Жобаны биылдан бастап іске асыру жоспарланған. Біз туризм саласына инвестиция тарту бойынша жұмыстарды одан әрі жалғастыратын боламыз», – деді Ермек Маржықпаев.

Жалпы, облыстың туристік әлеуеті 500-ден астам нысанды құрайды. Карантиндік шектеу шараларына қарамастан, өткен жылы өңірге келген туристер саны шамамен 200 мың адамды құрады. Бұл республика бойынша бесінші орын. Өткен жылы «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы шеңберінде туризм саласындағы 10 инвестициялық жоба 391 миллион теңге мемлекеттік қолдауға ие болды.

«Туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында 2020 жылы 5 миллиард теңге бөлініп, игерілді. 6 миллиардтан астам теңге қаржыға тоғыз іс – шараны іске асыру аяқталды», - деп түйіндеді аймақ басшысы.


Жоғары қарай