Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Бурабайда заңсыз ағаш кескен адам ұсталды

2019 жылдың 30 қыркүйек 2019 19:29

БУРАБАЙ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Бурабай ауданында заңсыз ағаш кесу оқиғасы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облыстық ПД табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері мен «Бұқпа» орман шаруашылығының жұмысшылары бірлесіп жүргізген тексеріс кезінде аталмыш орман шаруашылығы аумағында 25 түп қайын ағашының заңсыз кесілгені анықталды.

«Жедел-іздестіру шарасы кезінде Щучинск қаласының 37 жастағы тұрғыны ұсталды. Одан заттай айғақтар тәрікленді. Осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 340-бабының 2-бөлігі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», -дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Айта кету керек, мемлекеттік орман қорында заңсыз ағаш кескен адамдарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Сонымен қатар, 2019 жылдың 1-31 қазан аралығында Ақмола облысының ПД қызметкерлері «Браконьер» жедел-алдын алу шарасын жүргізуде.

Жоғары қарай