Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бурабайдағы емдеу-сауықтыру кешенінің қызметкерлері жаппай екпе алуда

2021 жылдың 20 тамыз 2021 21:42

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Бурабай курортында орналасқан елімізге танымал «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің қызметкерлері коронавирус инфекциясына қарсы жаппайы екпе алуда. Бұл туралы аталмыш мекеменің персоналдар бойынша қызмет бөлімінің басшысы Гүлнәр Ғабдрахманова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда емдеу-сауықтыру кешенінде қызметшілерді жаппай вакцинациялау бойынша нәтижелі жұмыстар жүрзілуде. Осы ретте, «Спутник V» және Hayat Vax вакциналары қолданылып отыр.

«Коронавирус инфекциясының таралуын тоқтатудың жалғыз жолы - ол ұжымдық имунитет қалыптастыру, яғни жаппай вакцина салдыру. Адамдармен үнемі тығыз байланыста болатын «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің қызметкерлері де осыған ерекше мән беріп отыр. Сол себепті, біздің ұжымдағы 260 адамның 251-і коронавируске қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды. Ал, 248 адам екінші компонентін күтіп отыр. Негізінен «Спутник V» және Hayat Vax вакциналары қолданылуда. Екпе алғандардың 90 пайызы «Спутник V» вакцинасын салдыртты. Жақын арада емдеу-сауықтыру кешеніндегі екпе салуға денсаулығы келетін барлық персонал вакцина алатын болады», - деді Гүлнәр Ғабдрахманова.

Сонымен бірге, ол қалған 9 қызметші медициналық анықтамасына байланысты вакцина алмағанын, басшылық тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қызметшілерді барынша ынталандыру шаралары қолға алынғанын атап өтті.

«Біздің қызметкерлердің алғашқысы наурыз айында екпе алды. Вакцина салдырған әр қызметшінің еңбекақыларына 30 пайыз ақша қосып отырмыз. Осының арқасында жұмысшыларымыз белсенділік танытып, жақын күндері науқанды аяқтау жоспарланған», - деп толықтырды Гүлнәр Ғабдрахманова.

Айта кетейік, биылғы жылғы ақпан айынан бастап өңірде 245 мыңға жуық адамға вакцинаның бірінші компоненті, 189 мыңнан астам адамға екінші компоненті егілді. Осы ретте, облыста 133 егу пункті, сондай-ақ 135 мобильді бригада жұмыс істеуде.


Жоғары қарай