Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Бұрын-соңды болмаған санкциялық текетірес байқалып отыр – Мемлекет басшысы

2022 жылдың 27 мамыр 2022 17:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО елдерінің экономикаларының орнықтылығы бойынша Қазақстан бастамаларын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде өзінің мәні мен салдары жағынан бұрын-соңды болмаған санкциялық текетірес байқалып отыр. Биылғы ақпан айында Қазақстанның астанасында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес аясында мен Еуразиялық бес ел экономикаларының орнықтылығын қамтамасыз ету жөніндегі экономикалық шараларды әзірлеу үшін жоғары деңгейдегі жұмыс тобын құруды ұсындым. Жұмыс тобы құрылды, ол іске асырылып жатқан және нақты нәтижелері бар жедел шаралар пакетін әзірледі», - деді Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында

Алайда Президент қазіргі күрделі геосаяси жағдай ұзаққа созылатынын және бұған дайын болу керектігін атап өтті.

«Осыған байланысты, біздің ойымызша, интеграциялық бірлестіктің қазіргі жай-күйі мен қажеттіліктеріне жауап беретін Қазақстанның екі бастамасын қарастыруды ұсынамын», - деді Қ. Тоқаев.

Бұған дейін Президент ЕАЭО қызмет еткен жылдары Қазақстанның өзара саудасы 33 пайызға, экспорты 55 пайызға артқанын мәлімдеген еді.



Жоғары қарай