Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

БҰҰ адамның бет-әлпетін тану жүйесіне мораторий жариялауға шақырды

2021 жылдың 15 қыркүйек 2021 20:39

ЖЕНЕВА. ҚазАқпарат – БҰҰ Адам құқығы жөніндегі жоғары комиссары Мишель Бачелет жасанды интеллект алгоритмін пайдаланатын бірнеше жүйені қолдануға мораторий жариялауға шақырды. Бұл туралы сәрсенбі күні Agence France-Presse жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жасанды интеллект базасында технологияларды пайдаланудың салдарын айтып жеткізу мүмкін емес. Себебі, оларды жөнімен қолданбаса, олар адам құқығына әсер етуі мүмкін», - деп келтіреді агенттік Бачелеттің сөзін.

Бұл жерде адамның бет-әлпетін тану жүйесі және соған қатысты технологиялар туралы айтылған.

Женевада дүйсенбіден бастап БҰҰ адам құқығы жөніндегі кеңесінің 48-ші сессиясы өтіп жатыр. Ол 8 қазанға дейін жалғасады.


Автор Ақбөпе Әбдрасул
Басты сөздер: БҰҰ, Адам құқығы,
Жоғары қарай