Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Украинадағы жағдайды талқыламақ

2022 жылдың 31 қаңтар 2022 19:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ бүгін Украинадағы шиеленісті жағдайды талқылау үшін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізеді деп күтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Линда Томас-Гринфилд Ресей әскерінің Украина маңына шоғырлануына қатысты нақты жауап алғысы келетінін айтты.

Батыс елдері Украинаға қолдан келгенше көмектесіп бағуда.

Ресейдің Сыртқы істер министрлігі Америка Құрама Штаттары мен НАТО-ны әскери және саяси мақсатта Украинаны Ресейдің шекара аумақтарында шиеленіс тудыруда пайдаланды деп айыптайды.

«Біз әлемнің кез келген елі сияқты АҚШ-пен жақсы, тіпті өзара сыйластық, тең қарым-қатынасты қалаймыз. Бұл туралы Ресей Президенті Владимир Путин АҚШ Президенті Джо Байденге айтты. Тіпті, 2021 жылғы маусымда Женевада өткен кездесуінде де дәл осындай мәлімдеме жасады», – деді Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Ресей АҚШ пен НАТО-дан әскери альянсты шығысқа қарай кеңейтпеу кепілдігін талап етті. Бірақ олар талапты орындаған жоқ.


Жоғары қарай