Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

БҰҰ ҚК тәліптерге бейбіт халықтың Ауғанстаннан шығып кетуіне мүмкіндік беруін міндеттеді

2021 жылдың 31 тамыз 2021 18:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі «Талибан» қозғалысынан өз міндеттерін орындап, Ауғанстаннан кетуді қалайтындарға мүмкіндік беруді талап ететін қарарды мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Франция, Ұлыбритания және АҚШ жасаған қарарды қолдап Қауіпсіздік Кеңесінің 13 мүшесі дауыс берді. Ресей мен Қытай қалыс қалды.

Қауіпсіздік Кеңесі 2593 қарарын қабылдады, онда Ауғанстаннан кеткісі келетін барлық ауғандықтар немесе шетелдік азаматтардың кез келген уақытта әуе немесе құрлық шекаралары арқылы еш кедергісіз елден кетуіне мүмкіндік беретіні көрсетілген.

Қабылданған қарарға сәйкес, Ауғанстан террористердің плацдармы ретінде пайдаланылмауы керек. Гуманитарлық көмек көрсетуге бар күшті салуға басты назар аударылып отыр.

Франция президенті Эммануэль Макронның пікірінше, тәліптер терроризмге қарсы күресіп, гуманитарлық құқықтар мен адам құқығы, соның ішінде ауған әйелдерінің құқығын қорғайтын болса, оларды мойындау мәселесін қарастыруға болады.


Басты сөздер: БҰҰ, Әлем,
Жоғары қарай