Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

БҰҰ коронавирус індетін супер таратушы елді атады

2021 жылдың 29 шілде 2021 03:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мьянмада COVID-19 инфекциясы өршіп барады. Осылай жалғаса берсе, бүкіл аймаққа індет тарататын елге айналуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Guardian газетіне сілтеме жасап.

БҰҰ-ның Мьянмадағы адам құқықтары жөніндегі арнайы баяндамашысы Том Эндрюстың мәлім етуінше, елде коронавирус індеті жылдам таралып жатыр.

Елдегі соңғы уақытта туындаған келеңсіз жағдайлар COVID-19 эпидемиясының бүкіл аймаққа таралу қаупін тудырып отыр.

Ақпан төңкерісінен бері Мьянмада вакцинация бағдарламасы іске аспауда, халық тестілеуден өткізілмейді және дәрігерлердің ереуіліне байланысты ауруханалар жұмысы тоқтап қалды.

Сондай-ақ ұйымның арнайы баяндамашысы Мьянмадағы дәрігерлердің ереуілге шыққанын, олардың мемлекеттік ауруханаларда жұмыс істеуден бас тартатынын, қысым мен қоқан-лоққыларға ұшырап, адамдарды жасырын түрде емдеуге мәжбүр болғандықтарын атап өтті.

Қазіргі таңда Мьянмада халық медициналық оттегіге, крематориялар мен мәйітханаларға кезекте тұр.


Басты сөздер: БҰҰ, Әлемдегі коронавирус,
Жоғары қарай