Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 36 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

БҰҰ мен Қазақстанның серіктестік тарихы Елбасы есімімен тығыз байланысты - Наталья Герман

2020 жылдың 2 шілде 2020 12:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымының жемісті әрі тиімді серіктестік тарихы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының арнаулы өкілі, Орталық Азиядағы Превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталықтың басшысы Наталья Герман айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан 1992 жылдың маусымында БҰҰ-ға мүше болды. Сол уақыттан бері Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымымен жемісті әрі тиімді серіктестігінің тарихы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Сіздердің елдеріңіз жаңа тәуелсіз мемлекет ретінде жұмысына толыққанды қатысқан БҰҰ Бас ассамблеясының алғашқы сессиясы - 1992 жылғы 47-сессия барысында Президент Назарбаев бірінші рет сөз сөйлеген еді. Содан кейінгі жылдары Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ штап-пәтеріне оннан астам рет сапар жасап, жоғары деңгейдегі жалпы саяси пікірталастарға қатысты. Оның бастамасымен БҰҰ алаңында өте маңызды соғысқа қатысты, ядролық қаруға қарсы және терроризмге қарсы көптен ұсыныс табысты жүзеге асырылды», - деді ол «Нұрсұлтан Назарбаев. Жауапты басшылық: Сабақтастық пен эволюция» тақырыбындағы халықаралық конференция барысында.

Оның атап өтуінше, 2011 жылдың наурызында Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас хатшысының орынбасары лауазымына тағайындалуы Қазақстанның БҰҰ миссиясын ілгерілетудегі салмақты үлесінің мойындалуы болды.

«Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы біздің ынтымақтастық тарихымыздағы үлкен оқиға болды. БҰҰ бас органдарының біріне сіздердің елдеріміз мүше болған кезеңде ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев келесі басымдықтарды айқындады: ядролық қарудан азамат әлем құру, жаһандық соғыс қатерін жою және өңірлік жанжалдарды реттеу, өңірлік қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайту, терроризммен күрес, қауіпсіз әрі тұрақты даму арасындағы үздіксіз байланысты қамтамасыз ету, сонымен қатар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мен барлық жүйесін ХХІ ғасырдағы сын-тегеуріндерге бейімдеу», - деді Наталья Герман.


Жоғары қарай