Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

БҰҰ метеорологтары: алдағы бес жыл рекордтық деңгейде жылы болады

2021 жылдың 27 мамыр 2021 15:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алдағы бес жыл бақылаулар тарихында рекордтық деңгейде жылы жыл болады деп болжануда.

БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі болып табылатын Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (ДМҰ) мәліметінше, «90 пайыздық ықтималдықпен» оның орташа температурасы 2016 жылдың көрсеткішінен асып түседі, бұл қазіргі ең ыстық жыл, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зерттеу авторлары қазіргі бес жылдық кезеңнің әр жылындағы құрлық пен теңіз бетіндегі орташа температура индустрияға дейінгі дәуірдің температуралық мәндерінен кем дегенде бір градус Цельсийге жоғары болады деп санайды, ал ең ыстық жылы ол 1,5 градустан асады. Сонымен қатар, сарапшылар жоғары ендік аудандарда ауа райы ылғалды, Атлантикадағы циклондардың белсенділігі артады деп болжап отыр.

«Бұл жай статистика емес. Температураның жоғарылауы мұздың еруін, теңіз деңгейінің жоғарылауын, ыстықтың артуын және басқа да ауа райының құбылыстарын білдіреді», - деп түсіндірді ДМҰ Бас хатшысы Петтери Таалас.


Басты сөздер: Әлем, БҰҰ, Ауа райы,
Жоғары қарай