Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

БҰҰ-ның 165 мемлекеті ҚР Президентінің адам құқықтары жөніндегі шаралар туралы шешімімен танысты

2021 жылдың 11 маусым 2021 14:51

ЖЕНЕВА. ҚазАқпарат - 10 маусымда Қазақстанның Тұрақты өкілі Жанар Айтжанова БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының жыл сайынғы баяндамасын талқылауға қатысты. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол Жоғарғы комиссар Мишель Бачелетке және БҰҰ-ның 165 мүше мемлекетінің делегацияларына арналған сөз сөйлеуінде 2021 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті қол қойған «Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы» Жарлық жөнінде хабарлады.

«Дипломат Президент Жарлығына сәйкес Үкімет жыл сайын БҰҰ шарттық органдарымен және БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша кеңесінің арнаулы рәсімдерімен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру, әйелдерге қатысты кемсітуді жою, пікір білдіру бостандығына құқық, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру сияқты жұмыс бағыттарын көздейтін адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарын іске асыру туралы есеп беретіндігін жөнінде мәлімдеді», - деді СІМ-нен.

Сонымен қатар, Ж. Айтжанова Жоғарғы комиссар М. Бачелеттің баяндамасында көзделген адам құқықтары саласындағы Қазақстанның заңнамасына енгізілген өзгерістерді атап өтіп, кездесуге қатысушыларды COVID-19 пандемиясына байланысты қиындықтарға қарамастан, 2020 жылы Қазақстанда адам құқықтарын көтермелеу және қорғау мақсатында реформалар іске асырылғанын хабардар етті. Бейбіт жиналыстар туралы тұжырымдамалық жаңа заңды қабылдау аталған белгілі қадамдардың бірі болып табылады, ол хабарлама сипатын, арнайы аймақтарды айқындауды және бейбіт жиналыстарды өткізуді реттеуді оңайлатуды көздейді.

«Қазақстанның Тұрақты өкілі Қазақстан адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарын имплементациялауды ұстанатын болатындығын мәлімдеді», - деді сыртқысаясат ведомствосынан.


Жоғары қарай