Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

БҰҰ өкілі: Қазақстандағы ең ірі 50 зауыт зиянды қалдықтардың 80 пайызын шығарып отыр

2021 жылдың 7 қыркүйек 2021 18:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Бериш елдегі климат өзгерісін тежеу мүмкіндіктері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Климаттың өзгеруі дейтін мәселе Қазақстанға ғана тән емес екенін айтқым келеді. Бұл мәселе технологиямен, урбанизациямен байланысты болғандықтан Глазгода өтетін кездесудің күн тәртібіне енгізіліп отыр. Ғаламдық жылыну жыл сайын 1,5 градус деңгейінде алға жылжып келе жатқанын талайдан бері айтып жүрміз. Бұл – бүкіл әлем елдерінен аса мұқият шаралар қабылдауды талап ететін мәселе», - дейді БҰҰ өкілі.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстандағы экологиялық мәселелер әлемнің көптеген еліне тән.

«Жетпей жатқан олқылықтар туралы айтсақ, бұл істе Қазақстан ғана емес, БҰҰ-ға мүше көптеген елдер баяу әрекет етіп отыр. Әсіресе мемлекет саясатын экологиялық саясатқа бейімдеп, экология, ауыл шаруашылығы, биолуандықты қорғау бағытындағы жұмыстарға мемлекеттік органдардың бәрін жұмылдыру керек», - деген Якуп Бериш қоршаған оратның тазалығына мемлекеттік органдар мен жеке сектор қатар жауапты екенін еске салды.

«Энергетика министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі шығаратын шешімдермен шектелмеуіміз керек. Бұл бастамалардың бәрі жеке секторға да әсер етуі керек. Мен өз сөзімде айтқанымдай, Қазақстандағы 50 ірі кәсіпорын қоршаған ортаны ластайтын қалдықтың 80 пайызын шығарып отыр. Бұл мәселеде бізге тараптардың бәрін үйлестіру қажет. Осының бәрін қолдайтын механизм керек. БҰҰ да, БҰҰ-ның Даму бағдарламасы да бұл іске үйлестіруші ретінде қатысуға дайын. Әрине, бірақ жергілікті биліктің қолдауы ең негізгі маңызға ие», - деді БҰҰ өкілі.


Жоғары қарай