Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бұзылған көлікке көмекке келген тараздық полицейлер туралы видео тарады

2020 жылдың 25 қараша 2020 10:48

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда полицейлер бұзылған көліктің жүргізушісіне көмектескендігі туралы видео әлеуметтік желіде кеңінен таралып, көпшіліктің ықыласына ие болды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Instagram желісінде тараздық патрульдік полиция қызметкерлерінің көлігі жолда бұзылып қалған жүргізушіге көмектескені туралы видео тараған болатын.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінәі мәліметінше, күндізгі патрульдеу кезінде Төле би мен Желтоқсан көшелерінің қиылысында Тараз қаласының ПБ ППБ қызметкерлері тоқтап тұрған Toyota Camry көлігін байқайды.

Көлік жүргізушісі бірнеше рет жолдан шығып кетуге тырысқанымен, көлікті қозғалта алмаған. Осы сәтте жүргізушінің жанына тәртіп сақшыларының қызметтік көлігі келіп тоқтайды.

Көлігінің жүрмейтініне көзі жеткен жүргізуші полицейлерді көріп қуанып кетеді. Автокөлікті жүргізушімен бірге жолдың шетіне итеріп шығарған офицерлер оның бензині таусылғанын анықтаған.

Полицейлер қолайсыз ауа райын ескере отырып, бірден жанармай құю бекетіне барып, қажетті жанармай әкеліп береді. Өз кезегінде автокөлік иесі полиция қызметкерлеріне көрсетілген көмек үшін ризашылығын білдіріп, қызметіне сәттілік тіледі.

«Қазір күн суық, бірнеше күннен бері қар жауып тұр, тоқтап тұрған көлік жол апатын тудыруы мүмкін. Патрульдеу кезінде қиналып тұрған жүргізушіні байқадық. Дереу көмек көрсету туралы шешім қабылдадық. Бізді біреу видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге таратады деп мүлде ойламадық. Біз тек қолдан келгенше көмектесуге тырыстық. Жолда машинаның бұзылып қалуы жиі кездеседі, біз әрқашан көмектесуге дайынбыз», - деп атап өтті сақшылар.


Жоғары қарай