Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Былтыр байланыс операторларына 132 млн теңге айыппұл салынды - Мусин

2022 жылдың 24 мамыр 2022 14:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен жылы қызмет көрсету сапасы нашар байланыс операторларына 132 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы ҚР ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз интернет тартпаймыз. Ол – бәсекелестік орта. «Қазақтелеком» сияқты интернет, байланыс саласында жұмыс істейтін бірнеше ұйым бар. Оларға лицензия таратып беріп, бақылаймыз. 2019 жылы - 51, 2020 жылы - 93 тексеру жүргізілсе, 2021 жылы - 562 тексеріс болып, байланыс операторларына 132 млн теңге айыппұл жазып бердік. Бұл дегеніміз не? Біз тексеріс жұмысын күшейтіп жатырмыз. Бірақ, тексеріс жұмыстарын күшейту - мақсатымыз емес. Байланыс операторларына айыппұлды да 10 есе ұлғайтпақпыз. Ол Мәжілісте талқыланып жатыр», - деді миинстр Ақтөбе облысы жұртшылығымен кездесу барысында.

Бағдат Мусиннің атап өтуінше, мобильді операторларға салықтық жеңілдіктер беру мәселесі шешілді.

Оны өткен жылы депутаттар қолдап, Салық кодесіне арнайы өзгерістер енгізілді.

«Байланыс операторлары ауылға барып, ақша құйса, онда сол қаражатын салық төлемдері есебінен қысқартамыз. Яғни, салық төлемін азайттық. Бірақ, ол сол қаражатты инвестиция ретінде ауылдарға құю керек», - деді ол.


Жоғары қарай