Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Cемейде автокөлік көпірден Ертіске құлап түсті

2020 жылдың 7 шілде 2020 16:13

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде Ертіс өзеніндегі аспалы көпірден көлік аударылып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомстводан мәлім еткендей, 6 шілдеден 7-не қараған түні автомобиль көпірінде жол-көлік оқиғасы болған. 1987 жылғы жүргізуші «BMW» маркалы автомобильмен қаланың сол бөлігіне бара жатып, тізгінге ие бола алмай қалған. Кейін көлігі көпірдің қоршауына соғылып, Ертіс өзеніне аударылып кеткен. Жол апаты салдарынан жүргізуші қаза тапты, 1990 жылғы жолаушыны оқиға куәгерлері құтқарып, медицина мекемесіне жеткізген. Көлік өзеннен шығарылды.





«ШҚО полиция департаменті көлікті полиция қуды» деген мәліметтің жалған екенін мәлімдейді. Жол апаты туралы ақпарат түскеннен кейін оқиға орнына жақын маңда жүрген партульдік полиция экипажы, Семей ПБ тергеу-жедел тобы жіберілді», - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.








Авторы: Орал Ерланұлы


Жоғары қарай