Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Чемпиондар лигасы: «Барселона» өз алаңында «Бавариядан» ойсырай жеңілді

2021 жылдың 15 қыркүйек 2021 10:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғашқы тур ойындары екі күнге белгіленген. 14 қыркүйекте E, F, G, H топтарында ойындар өткізілді .

Жанкүйерлер E тобындағы «Барселона» (Испания) мен «Бавария» (Германия) кездесуіне көз тікті.

Ойын барысында неміс футболшылары алаң иелері қақпасына жауапсыз үш гол соғып кетті.

Ойынның 34-минутында Томас Мюллер мергендік танытса, одан кейін Роберт Левандовски 56, 85-минуттарда қос голдың авторы атанды.

Бұл топта тағы бір ойында «Динамо Киев» (Украина) мен «Бенфика» (Португалия) 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Сондай-ақ, қазақстандық жанкүйерлер бүгін H тобындағы «Челси» (Англия) «Зенит» (Ресей) командасын 1:0 есебімен жеңсе, «Мальме» (Швеция) өз алаңында «Ювентус» (Италия) клубынан 0:3 есебімен жеңіліп қалды.

F тобында «Янг Бойз» (Швейцария) бен «Манчестер Юнайтед» (Англия) командасынан 2:1 есебімен басым түссе, «Вильрреал» (Испания) мен «Аталанта» (Италия) 2:2 еесбімен тең түсті.

Ал G тобында «Севилья» (Испания) мен «Ред Булл» (Австрия) 1:1, «Лилль» (Франция) мен «Вольфсбург» (Германия) 0:0 есебімен тең түсті.

Бүгін 15 қыркүйекте А, В, С, D топтарындағы командалар алғашқы тур ойындарын өткізеді.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Футбол,
Жоғары қарай