Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Чемпиондар лигасы: «Лейпциг» жартылай финалға шықты

2020 жылдың 14 тамыз 2020 08:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - UEFA Чемпиондар лигасы жартылай финалына шыққан екінші команда белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін «Лейпциг» (Германия) мен «Атлетико Мадрид» (Испания) командалары шеберлік байқасты. Екеуінің де деңгейі қатарлас. Сондықтан бұл кездесуде кімнің жеңетінін алдын-ала болжау оңайға соққан жоқ.

Ойынның бірінші кезеңінде «Лейпциг» командасы доп ұстау жөнінен басым екенін байқатты. Дегенмен екеуі бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ.

Екінші кезеңнің 50-минутында «Лейпциг» ойыншысы Даниэль Ольмо есеп ашса, «Атлетико Мадрид» сапынан Жоау Феликс 71-минутта пенальтиден таразы басын теңестірді. Ал 88-минутта «Лейпциг» қайтадан алға шықты. Жеңіс голын Тайлер Адамс соғып кетті. Осылайша «Лейпциг» 2:1 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды. Енді олар 18 тамызда «Пари Сен-Жермен» (Франция) командасымен кездеседі. Франциялық клуб кеше «Атланта» (Италия) командасын жеңген еді.

Ал 14 тамызда «Барселона» (Испания) мен «Бавария» (Германия), 15 тамызда «Манчестер Сити» (Англия) мен «Лион» (Франция) командалары шеберлік байқасады. Жеңімпаз командалар жалғыз ойын нәтижесімен белгілі болады.

Естеріңізге сала кетелік, Чемпиондар лигасының қалған бөлігі Португалия астанасы - Лиссабон қаласында өтеді. Ол сегіздік финалы форматында болады. Жартылай финал 18-19, финал 23 тамыз күндері өткізіледі.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай